Қазгидромет: Наурыздың 11-і күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағынан атомосфералық ағындардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде күн райы құбылып тұрады. Кей жерлерде жауын жауады. Әсіресе елдің батысы мен оңтүстік-батысында жауын көп болады. Сондай-ақ елдің бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Бұл туралы ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып хабарлайды.

Солтүстікте желдің соңы боранға ұласуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан обысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде екпіні секундына 25 метр болуы ықтимал.

Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал.

Алматы облысында түнде және таң ата тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні секундына 25-метрге жетуі мүмкін.

Жамбыл облысында түман түсіп, таң ата және күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түман түсуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар