+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазгидромет: Мамырдың 23-і күнгі ауа райы болжамы

2020 жылғы 23 мамыр 06:00
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Мамырдың 23-і күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамырдың 23-і күні Қазақстанның батыс бөлігінде жауын жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Ал елдің шығыс бөлігінде жоғары қысымның әсерінен күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін Ақтөбеде ауа ластанады Қазгидромет: Қыркүйектің 26-сы күнгі ауа райы болжамы Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республикада жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік батыста шаңды дауыл көтеріліп, солтүстікте тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күшті жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Түркістан, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні секундына 23 метр болады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата кей жерлерге тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT