+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Қазгидромет: Мамырдың 21-і күнгі ауа райы болжамы

2020 жылғы 21 мамыр 00:57
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Мамырдың 21-і күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамырдың 21 күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Көп жерлерде жауын жауып, кей жерлерде тіпті нөсерлетеді.

Ұқсас жаңалықтар
14-16 шілде аралығында еліміздің барлық аймағында күн ыстық болады 43 градус аптап: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды 13 шілде күнгі ауа райы болжамы

Республиканың бірқатар аумағында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жауып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таң ата кей жерлерде тұман түсіп, бірқатар аумақтарда бұршақ жаууы да ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күшті жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, түнде бірқатар өңірде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз де солай, екпіні 23 метрге дейін барады.

Қостанай, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жауады.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей аумақтарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да ықтимал.

Қарағанды, Атырау, күндіз Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысы мен оңтүстікте өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT