Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Қазгидромет: Мамырдың 18-і күнгі ауа райы болжамы

2019 жылғы 18 мамыр 06:00 399
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Мамырдың 18-і күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мамырдың  18-і күні  Қазақстан аумағынан атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың көп жерлерінде жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып.

Ұқсас жаңалықтар
7 өңірде үсік жүреді - Қазгидромет Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін тек еліміздің шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы да мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады, екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, күндіз екпіні 25  м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейіп, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұруы ықтимал.  

Павлодар, Жамбыл облыстарында, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдғы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысында тұман түседі деген болжам бар.  Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп,  бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда  облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Қазгидромет, Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT