Қазгидромет қыркүйектің 29-ы күнгі күн райы болжамын жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 29-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын жауып, батыс аймақтарда жаңбыр, солтүстік, шығыс, орталық аймақтардың кейбір бөлігінде жаңбыр, кейбір бөлігінде қар жауып, еліміздің шығысында нөсер жауын жауады.

Тек Қазақстанның оңтүстік-батыс аймағында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, батыста найзағай ойнайды, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, шығыста, орталықта тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар