Қазгидромет: Қыркүйектің 24-і күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 24-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында жауын-шашын болады. Кей жерлерде нөсерлетіп, жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, еліміздің батысында және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерінде 23-28 м/с-ке дейін күшейіп, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды облысының шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Алматы, Қостанай, түнде Ақтөбе, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар