+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Қазгидромет: Қыркүйектің 15-і күнгі ауа райы болжамы

2021 жылғы 15 қыркүйек 06:00
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Қыркүйектің 15-і күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 15-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысына алғашқы қар түсті Атырау облысында шаңды дауыл қыркүйектің соңына дейін жалғасады Ертең бірқатар солтүстік аймақтарда қар жауады: 9 өңірде ескерту жарияланды

ҚР басым бөлігінде, антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, желдің дылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстік-батыс және батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT