+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Қазгидромет: Қазақстанның солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді

2018 жылғы 11 қаңтар 16:27
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Қазақстанның солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстігінде жел жылдамдығы секундына 30 метрге жететінді деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның солтүстік бөлігінде, оның ішінде СҚО, Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында дауыл соғатындығы ескертілді. Желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін, кей жерлерде 30 метрге жетеді. Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында жел жылдамдығы секундына 20 метрге болмақ. 12 қаңтар күні күндіз жел басылып, температураның айтарлықтай төмендейтіндігі күтіледі», - деді Қазгидрометтің жетешкі инженері Мөлдір Есқалиева БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
null

Оның айтуынша, ауа райының нашарлауына циклон әсер еткен.

«Атлантика ауданына келген қарқынды әрі дымқыл циклон Қазақстанның басым облыстарындағы ауа райын нашарлатты. Циклонмен бірге қар қалың түсіп, елдің басым облыстарында оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейді», - деп атап өтті Есқалиева.

Қазгидромет өкілінің дерегінше, еліміздің солтүстігінде ауа температурасы кей жерде -35 градусқа дейін төмендейді.

«Батыста да температура төмендейді деп күтілуде, термометр бағаны -22, -25, БҚО-ның кей жерлерінде -30 градус аяз болады. Елдің оңтүстігінде де тұрақсыз ауа райы күтіліп отыр, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT