+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қазгидромет: Қазақстанның солтүстігінде 40 градус аяз болады

2021 жылғы 24 қаңтар 07:30
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Қазақстанның солтүстігінде 40 градус аяз болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым аймақтары атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болғандықтан тұрақсыз ауа рай сақталады, қар жауады, республиканың батысында жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның 7 облысында көлік қозғалысы шектелді 5 наурыз күнгі ауа райы болжамы Қазақстанда 9 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында – көктайғақ, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT