+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қазгидромет: Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

2021 жылғы 22 ақпан 19:01
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 23-25 ақпан күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола және Қостанай облыстарында жол жабылды Қазақстанда 10 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды СҚО мен Ақтөбе облысының жолдарында көлік қозғалысы шектелді

24-25 ақпан күндері Алматы облысында жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. 25 ақпан күні ауа температурасы 3-8 градус жылы болса, кей жерлерде -0-5 градус тіпті -18-23 градусқа дейін суытады.

23 ақпанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде бұрқасын, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с, түнде 23 м/с болмақ.

Ақтөбе қаласында 23 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын болады.

Ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстіктен жел соғады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

23 ақпанда Орал қаласында жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғады, екпіні –18 м/с.

24- 25 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде жаңбыр, қар жауады, бірқатар өңірде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал. 25 ақпанда түнде ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

24-25 ақпанда Тараз қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. 23-25 ақпанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с. 25 ақпанда түнде ауа температурасының 10-12 градус аязға дейін баруы мүмкін.

23-25 ақпанда Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр, қар жауады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 24 ақпанда таулы шатқалдарда желдің екпіні 30 м/с және одан жоғары болмақ.

24 ақпанда Шымкент қаласында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, 23 ақпанда күндіз, 24 ақпанда тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

24 ақпанда Түркістан қаласында бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, 23 ақпанда күндіз, 24 ақпанда тәулік бойы желдің күші – 15-20, екпіні – 23 м/с.

23 ақпанда Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қалың қар түседі. 23-25 ақпанда кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

23-25 ақпанда Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын болжанады, шығыстан, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

24 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.

23 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-қа күшеюі ықтимал.

23 ақпанда Қызылорда қаласында күндіз көктайғақ, бұрқасын болжанады. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

23-24 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

23 ақпанда Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

23 ақпанда күндіз Жезқазған қаласында жаяу бұрқасын болып, жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні – 15-20 м/с болады.

23 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз көп бөлігінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

23 ақпан түнде Атырау қаласында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT