Қазгидромет Қазақстанның 10 өңірінде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстанның 10 өңірінде ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндіз 11 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Талдықорған қаласында күндіз 11 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 11 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 сәуірде Қарағанды облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 11 сәуірде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
11 сәуірде Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында 11 сәуірде шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 сәуірде күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қаласында 11 сәуірде күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

11 сәуірде Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 11 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында күндіз 11 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.
Күндіз 11 сәуірде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

11 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 11 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 11 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Соңғы жаңалықтар