+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Қазгидромет: Қарашаның 28-і күнгі ауа райы болжамы

2020 жылғы 28 қараша 06:00
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Қарашаның 28-і күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 28-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қаулы жаңартылды: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейтін болды Ауа райы: Қазақстанның 6 облысында ескерту жарияланды Алматыда Мәслихат депутаттарына құжат пен төсбелгілер тапсырылды

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн жауын-шашынды болып, кей жерлерге қар жауады. Тек елдің батысында және оңтүстік-батысында ғана жауын болмайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, қөқтайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарынының кей жерлерінде тұман түсіп, қөқтайғақ, бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 23-28 метр болады.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді.

Қызылорда облысында қөқтайғақ болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.

Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, қөқтайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деген болжам бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT