+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Қазгидромет: Қарашаның 17-сі күнгі ауа райы болжамы

2019 жылғы 17 қараша 06:00
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Қарашаның 17-сі күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарашаның 17-сі күні Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тұман, жел, көктайғақ: 22 қазанға арналған ауа райы Жаңбыр, тұман, көктайғақ – сәрсенбідегі ауа райы болжамы Тұман, жел, көктайғақ - сейсенбіге арналған ауа райы

Тек елдің солтүстік батысында, солтүстігі мен шығысында ғана қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз елдің басым бөлігінде жел секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23 метр болады.

Алматы облысында түнде және таң ата елдің бірқатар аймақтарына тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында да жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, таң ата және түнде Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, Жамбыл, Қызылорда, облыстарына түнде және таң ата жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT