Қазгидромет: Қаңтардың 6-сы күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 6-сы күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де Солтүстік антициклон жотасының ықпалында болады және күн аязды, жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік-батысында ғана түнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 20-25 метр болады, екпіні 30 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз болады.


Соңғы жаңалықтар