+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Қазгидромет қаңтардың 18-і күнгі ауа райы болжамын жария етті

2020 жылғы 18 қаңтар 06:00
Бөлісіңіз:
Қазгидромет қаңтардың 18-і күнгі ауа райы болжамын жария етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-ны қаңтардың 18-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақпан айында елордада жауған қардың мөлшері нормадан 3 есе жоғары болды Боранға байланысты жеті облыстағы 44 учаскеде жол жабылды Ақмола облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан Республикасының солтүстік және шығыс бөлігіне әсер етеді. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, бұрқасын болады.

Республиканың оңтүстік-батысына жаңа циклон әсер етеді - жауын-шашын, қар және жаңбыр түрінде жауады. Қазақстан Республикасының оңтүстік жартысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Өңірдің бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 23-28 метр, екпіні 30 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар облысында бұрқасын, түнде кей жерлерде қатты бұрқасын болып, жел түнде 15-20 м/с жылдамдықпен есіп, екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болады, бірқатар аумақтарда көктайғақ болуы ықтимал.

Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан ​​облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, түнде Қарағанды облысында екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысында түнде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Күндіз кей жерлерде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде тұман болуы мүмкін.

Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде Ақтөбе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT