+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазгидромет: Қаңтардың 16-на арналған ауа райы болжамы

2020 жылғы 16 қаңтар 06:00
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Қаңтардың 16-на арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК қаңтардың 16-на арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қаңтардың 16-сы күні Кар теңізінің аймағынан жылжыған циклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Қазақстаның батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың бірқатар аумағында тұман түссе, кей жерлерінде көктайғақ болып, қатты жел тұрады, тағы бір өңірлерде бұрқасын болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болса, екпіні 23-28 метрге жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деген болжам бар. Күндіз өңірдің кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының, күндіз Ақтөбе облысының бірқатар өңірлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Кей жерлерде бұрқасын болуы ықтимал .

Алматы, Қызылорда, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Алматы Қызылорда облыстарының бірқатар аумақтарында көктайғақ болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT