Қазгидромет филиалы директорының орынбасары 4,4 млн теңгені жымқырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары экологиялық мониторинг жүргізуге бөлінген 4,4 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған, деп хабарлайды Атырау облыстық МКД-ның Экономикалық тергеу қызметі.

«Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі «Қазгидромет» РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары  А.-ға  қатысты, 2017 жылға экологиялық мониторинг жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде жымқыру дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен қозғалған қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің кінәсі дәлелденіп, мемлекетке келтірілген 4 463 110 теңге көлеміндегі материалдық залал толықтай өндірілген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, ҚР ҚПК-нің 615-бабы 2-бөлігіне сәйкес, яғни күдіктіден кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процесстік келісім жасасу туралы өтінішхат түсуіне байланысты қылмыстық іс прокуратура органдарына жолданды.

Соңғы жаңалықтар