«Қазгидромет» екі өңірде ескерту жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 8 қаңтарда күндізТүркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерді тұман басады. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с артады.

8 қаңтар күні Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейетіні күтіледі.

8 қаңтарда Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Сондай-ақМаңғыстау облысында кей жерлерді тұман басып, көктайғақ болады.

Тұман мен көктайғақ, сондай-ақ Актау қаласында күтіледі.

Соңғы жаңалықтар