АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы сәурдің 2-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағы антициклон жырасының ықпалында болады. Күн ашық. Тек елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына циклон жырасы әсер етеді және онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, оңтүстігінде найзағай болады.
Республика бойынша еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты жел соғып, оңтүстігінде - шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Жетісу облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің екпіні 30 м/с және одан да көп болады,
Түнде Алматы облысында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.