Қазгидромет: Бүгін еліміздің 4 облысында күн қатты ысиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маусымның 26-сы күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, маусының 26-сы күні республиканың кей аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Қазақстанның Солтүстік өңірлерінің кей жерлерінде тұман түседі, еліміздің тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, бұршақ жауып, СҚО-ның кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі. күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде де дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, Ақтөбе облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарында өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар