+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қазгидромет бірнеше өңірде ескерту жариялады

2020 жылғы 26 ақпан 17:24
Бөлісіңіз:
Қазгидромет бірнеше өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сәуір айының соңында күн оңтүстік өңірлерде +30 градусқа дейін ысиды 1 сәуір күні елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі Қызылорда облысында күн күркіреп, күшті жел соғады

Атап айтқанда, 27 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, 25 м/с артуы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан қаласында түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шымкент қаласында түнде қатты жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

27 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ күтіледі. 27-29 ақпан аралығында сондай-ақ тұман болжанады. 27 ақпанда түнде және таңертең, 28-29 ақпанда тәулік ішінде солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

27 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

27 ақпанда Орал қаласында тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 18 м/с болатыны күтіледі.

27 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші 15-20, 23-28 м/с артады.

27 ақпан күні Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

27 ақпанда Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 17-22 м/с жетеді.

Актау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

27-28 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT