Қазгидромет ауаның ластануына қатысты болжам жасауға кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қаңтардан бастап Қазгидромет сайтында 21 елді мекендегі қолайсыз метеорологиялық жағдайға (ҚМЖ) қатысты болжамы жарияланып тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚМЖ дегеніміз - болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторларды (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеру. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауаның температурасы) болжам жасау арқылы анықтауға болады.
Ауаның ластануына қатысты болжам жасалатын елді мекендердің қатарында - Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Ақсу, Ақсай, Балқаш, Екібастұз, Жаңаөзен, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Риддер, Тараз, Теміртау, Өскемен, Орал, Шымкент қалалары, Жаңа Бұқтырма кенті бар.

Соңғы жаңалықтар