«Қазгидромет» алдағы үш күннің күн райы болжамын жариялады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 13-15 қаңтар аралығындаңы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, биылғы қыс әзірге жылы болып тұр. Синоптикалық процестер тез өзгеріп, бірде аяз, бірде жылу әкелуде. Қазірдің өзінде антициклонның ықпалымен күн аздап ызғарланғанымен оның да беті қайта бастады. Ал батыстан циклон тез қозғалуда. Ол еліміз арқылы жылжып, 15 қаңтар күні Қазақстанның барлық облыстарын қамтиды. Аталмыш циклон өзімен бірге жаңбыр мен қар, екпінді жел мен көктайғақ ала келеді. Ал термометр бағаны тез көтеріледі, тіпті солтүстік аймақтарда күндізгі уақытта 0-5 градус аяз болады деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар