Қазгидромет: Ақпан айының соңында қар ериді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гидролог мамандардың атап өтуінше, 2019 жылғы ақпан айының соңында қар жиналу процесі жалғасады. Метеостансаларда көп жыл бойы жүргізілген бақылау мәліметтері бойынша, ақпан, наурыз және сәуірде бір тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түсуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгиромет» РМК-ға сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

«Ақпан айында жазықтықтағы өзендерде тасқын болу қаупі 1 пайызды құрап отыр. Айлық синоптикалық болжам бойынша (дұрыстығы - 20-80 пайыз), ақпанның үшінші онкүндігінде күндіз және түнде ауа температурасы көтеріліп, өз кезегінде қардың еруіне, ағынның қалыптасуына және су деңгейінің көтерілуіне әкеліп соқтырады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар