Қазгидромет 5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 5 желтоқсан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады.

Тек оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстікте жел күшейеді, оңтүстікте көктайғақ болады.


Соңғы жаңалықтар