«Қазгидромет» 5 өңірде ескерту жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК еліміздің тағы үш облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 23 шілде күні Атырау облысының жекелеген жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Кей аумақтарда 38 градусқа дейінгі ыстық сақталады.

23 шілде күні Қостанай облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

23 шілдедеШығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан және  солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады. Өскемен қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан және солтүстіктен соққан желдін екпіні 15-20 м/с артатыны болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал. Кей аумақтарда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұруы мүмкін.

Айта кетейік, 23 шілде күнгі ауа райы бойынша бұған дейін Астана қаласы мен Ақмола облысында ескерту жарияланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар