«Қазгидромет» 4 өңірде ескерту жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 маусым күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 5 маусым күні күндіз (сағ 08.00-ден 20.00-ге дейін) Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді деп күтілуде. 

Орал қаласында күндіз (сағ 08.00-ден 20.00-ге дейін) батыстан, оңтүстік -батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін артады.    

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с артатыны күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады.

Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал. Найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Сондай-ақ Ақмола облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 18 м/с-қа артуы ықтимал.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар