Қазгидромет: 3 мамыр күні еліміздің аймақтарында жауын-шашын болмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Республиканың барлық өңірлерінде 3 мамыр күні жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында жел күшеюі мүмкін. Кей жерлерді оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді және шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді және шаң көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Таң ата және түнде тұман болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таң ата тұман түседі деп күтілуде.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді. Астанада күн алабұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік батыстан секундына 0-5 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С. Алматыда күн алабұлтты жауын болмайды. Жел секундына 0-5 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +4+6°С, күндіз +15+17°С.

Соңғы жаңалықтар