Қазгидромет 20-22 ақпан аралығында ауа райы болжамын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 2020 жылдың 20-22 ақпанына арналған ауа райы болжамын жриялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бұл күндері қалың қар мен боран бәсеңдейді.

«Атлантикалық циклонмен байланысты жылы атмосфералық ағындар Қазақстанның солтүстік жартысы арқылы өтіп, барлық жерде қардың жаууы мен боранды тежеп, ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауына ықпал етеді. Түнгі ауа температурасы 0...минус 5°С-қа дейін көтеріледі. Алдағы тәулікте ағындардың әсері сақталады, содан кейін олар Батыс Сібірдің оңтүстігіне ойысады. Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым аясында болады, сондықтан келесі күндері қар аз, тек республиканың жеке аудандарына ғана жауады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар