Қазгидромет: 13 тамыз күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 тамызда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Бейсенбіде, солтүстік шығыста күн күркіреп, найзағай ойнайды, сонымен бірге нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік батыста – тұман.
Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Атырау облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, күндіз Алматы, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы - 15-20 м/с.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
- Сенбі күні Өскемен, Теміртау және Балқашта ауа ластанады
- Қазгидромет 16 қаңтарда ауа райы қандай болатынын жариялады
- Ауа райы: Қазақстанның 6 облысында ескерту жарияланды
- Демалыс күндері ауа райы қандай болады
-
Ақтөбе облысында жол жабылып, көлік жүруіне тыйым салынды
-
15 қаңтарда қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам