Қазгидромет: 10 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде күн ысып, жауын жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосферлық ағындардың өтуіне байланысты 10 маусым күні еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді және жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің тек солтүстігі мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, Павлодар облысында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді.

Алматы, Қостанай облыстарында, түнде Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.

Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында өрт тұтану қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар