«Қазгеология» АҚ басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Алмас Әбіғалымов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгеология» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

Алмас Әбдірашұлы Әбіғалымов 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді.

Алмас Әбіғалымовтың мұнай және газ өндіру және барлау саласында, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында 17 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол түрлі жылдары «ҚМГ-Еуразия» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» компаниясында, «Гео-Мұнай XXI ҒӨО» ЖШС, «Каспиан Гео-Консалтинг Сервис» ЖШС, «Казнефтехим-Копа» ЖШС, «СНПС Ай-Дан Мұнай» АҚ-да түрлі қызметтер атқарған.

Сондай-ақ, оның ғылыми қызметтегі тәжірибесі де мол. Ол 2001 жылы еңбек жолын Қ.Сәтпаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастаған.
Үйленген, үш баласы бар.

Соңғы жаңалықтар