Қазғарыш делегациясы Берлинде өтетін «ИЛА-2010» авиағарыш салонына қатысады

None
None
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің делегациясы Берлинде ИЛА-2010 халықаралық авиағарыш салонына қатысуда.

Ағымдағы жылы әлемдегі көне мамандандырылған көрме ИЛА-ның жүзжылдық мерейтойы аясында өтуде.

Іс-шара жалпы аумағы 250 мың шаршы метр алаңда өтуде, оған әлемнің 47-і елінен 1153 экспонат қатысуда. Көрменің статистикалық тұрақтары мен демонстрациялық ұшу алаңдарында 300-ге жуық ұшақтар мен тікұшақтар қойылған.

Құрамында ҚР ҰҒА төрағасы Талғат Мұсабаев, оның орынбасары Еркін Шаймағамбетов, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов, Қазақстан ғарыш агенттігінің және Қазғарыш кәсіпорынының мамандары бар қазақстандық делегация француздық EADS Astrium компаниясының, немістердің OHB Systems компаниясының көрме алаңдарында болды.

Делегация стратегиялық әріптестік аясында Astrium компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Қазғарышқа ғарыштық жобалар бойынша консультациялық қызмет көрсететін IABG компаниясы басқармасының төрағасымен кездесті.

Т.Мұсабаевтың атап өтуінше, тараптармен Берлинде Германия аэроғарыш орталығымен (DLR) ынтымақтастық бойынша құжаттарға алдын ала қол қойылған, Қазғарыш пен DLR арасындағы үкіметаралық келісімге қол қою ГФР-дің канцлері Ангела Меркельдің Қазақстанға сапары аясында жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар