«Қазғарыш» дәлдігі жоғары жерсеріктік навигация нысандарын пайдалануға қабылдады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Мемлекеттік комиссия «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ-да құрылған «Дифференциалды түзету және мониторинг орталығы (ДТМО) мен дифференциалды стансалар (ДС) желісінің өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуін ұсынды.

Мемлекеттік комиссияның төрағасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабековтың баяндауынша, комиссия мүшелеріне ДТМО сынақтарының және 60 дифференциалдық стансадан тұратын навигация желісі жұмысының қорытындылары ұсынылды.

Бұл нысандар дәлдігі жоғары жерсеріктік навигация жүйесінің (ДЖЖНЖ) жер бетіндегі инфрақұрылымын көрсетіп, қазақстандық тұтынушыларды жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйелердің белгілері (GPS, ГЛОНАСС) туралы түзетілген ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған, деп атап өтті М.Молдабеков. ДЖЖНЖ кадастр және жерге орналастыру жұмыстары, топография-геодезия жұмыстары, құрылыс жұмыстары үшін координаталардың дәлдігін арттыру, егіншілік, инженерлік-қолданбалы жұмыстар үшін қолданылады. Енді Қазақстанда сапалы координаталық-уақытша қызмет көрсетулер ұсынылатын жер бетіндегі стансалар желісі тараған, деп атап өтті «Қазғарыш» төрағасының орынбасары. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін жаңа нафигациялық технологияны апробациялау жүргізілуде. Осыған байланысты, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ екі ай бойы қазақстандық тұтынушыларға ДЖЖНЖ қызметін тегін ұсыну бойынша теңдессіз акция өткізуде.

Соңғы жаңалықтар