«Қазфосфат» ЖШС-іне қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және Жамбыл облысы әкімдігінен аммофос бағасын көтеру туралы шағымының негізінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС қатысты монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Аммофосты бастапқы сату нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау «Қазфосфат» ЖШС үстем жағдайға ие екенін көрсетті.

2021 жылғы қарашада аммофос бағасы 125 000 теңгеден 168 750 теңгеге дейін өсті. Жыл басымен салыстырғанда өсім 35% - ды құрады. Бұл ретте 2022 жылғы қаңтарда баға 185 625 теңгені құрады. 2021 жылғы қаңтарға қатынасы бойынша бағаның өсуі 48,5% - ды құрады.

Сонымен бірге, тауарды өндіру және сату үшін қажетті шығыстардың өзгеруі тауарды сату бағасының өзгеруіне сәйкес келмейді.

Тергеп-тексеру барысында «Қазфосфат» ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалана отырып, аммофосты монополиялық жоғары баға бойынша сатқаны анықталды, бұл өз кезегінде түпкілікті өнімнің бағасына, сондай-ақ жалпы сатып алу қабілетіне әсер етеді.

Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабы негізінде тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасы «Қазфосфат» ЖШС-не жіберілді. Заңдық жауапкершілік туралы мәселе тергеп-тексеру қорытындылары шығарылғаннан кейін шешілетін болады.


Соңғы жаңалықтар