+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«Қазфосфат» өз жұмыскерлерінің жалақысын көтереді

2021 жылғы 18 маусым 16:53
Бөлісіңіз:
«Қазфосфат» өз жұмыскерлерінің жалақысын көтереді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап қызметкерлердің жалақысы өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа акционер ретінде «Қазақмыс» корпорациясы «Қазфосфат» ЖШС-ін сатып алған кезде компания жұмыскерлерінің әлеуметтік және тұрмыстық еңбек жағдайын жақсарту - компанияның басым міндеті болатынын жариялаған.

Жалақыны арттыру коэффициентін анықтау үшін «Қазақмыс» корпорациясы тартылған сарапшылар командасымен бірлесіп өңірдегі индустрия бойынша жалақыға салыстырмалы талдау, сондай-ақ «Қазфосфат» ЖШС жұмыскерлерінің тұратын қалаларында негізгі азық-түлік өнімдері, азық-түлікке жатпайтын тауарлар, коммуналдық және басқа да қызмет түрлерінің баға деңгейіне егжей-тегжейлі талдау жүргізді.

Осындай талдау қорытындысы бойынша басшылық жалақыны 15%-ға көтеру туралы шешім қабылдады, бұл өңірдегі индустрия бойынша жалақының орташа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Биылғы жылдың басында жүргізілген алдыңғы өсіруді ескере отырып, 2021 жылы орташа жалақының жалпы өсімі 25%-ды құрайды.

Бұдан басқа, «Қазфосфат» ЖШС басшылығы әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен жұмыскерлерге атаулы көмек көрсету бағдарламасын әзірлейді.

Бұл ретте көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ «Қазфосфат» ЖШС басшылығы компания жұмыскерлері тұратын қалаларда негізгі шығындық баптар бойынша баға мониторингін жүргізуді жалғастырады және қажет болған жағдайда олардың еңбегіне ақы төлеу жағдайларын жақсарту бойынша одан әрі шараларды жалғастыратын болады.

Бұдан басқа, «Қазфосфат» ЖШС жаңа басшылығының жоспарында өндірістік қуаттарды ұлғайтуға, өнімдер желісін кеңейтуге және әлеуметтік инфрақұрылымды салуға бағытталған инвестициялық қызметті жандандыру бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT