«Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» зауытында апат болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы «Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» ЖШС зауытында апат болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«11 шілдеде, сағат 20:30-да Тараз қаласындағы «Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» ЖШС зауытында апат болды. Экология департаменті қала прокуратурасымен бірге ауадағы зиянды заттарды өлшеуге шықты. Фторлы сутектің артуы 2-3 есе, аммиактың, күкіртсутектің, СО2-нің артуы анықталған жоқ. Осыдан кейін топ Чайкурукке қала шекарасына қарай бет алды, өйткені жел сол бағытта жүрді. Чайкурукта барлық көрсеткіштер бойынша нормадан асу анықталған жоқ», - делінген хабарламада.

Осыған дейін Таразды қою түтін басқаны анықталды.
Соңғы жаңалықтар