«Қазфосфат» кәсіпорнында апат болып, екі қызметкер көз жұмды
2022 жылғы 2 шілде 11:55

«Қазфосфат» кәсіпорнында апат болып, екі қызметкер көз жұмды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы полиция департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, жұмысшылар ұсақтау машинасының астында қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 1 шілдесінде полицияға «Қазфосфат» ЖШС екі қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Қажетті сараптамалар тағайындалды және тергеу жүріп жатыр.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу және процессуалды кодексінің 201-бабы аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.

Бірқатар қазақстандық БАҚ-та жарияланған расталмаған ақпаратқа сәйкес, оқиғадан 5 адам зардап шеккен, оның ішінде 2 адам қаза тауып, 3 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT