KAZENERGY дизель отынының қымбаттау себептерін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Қабжанов Қазақстанда дизель отыны не себепті қымбаттағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде жанармай құю стансаларында бір литр дизель отынының құны 185-187 теңге аралығында. Зауытта отынның литрі 150 теңге тұрады. Осы бағаға литріне 5 теңге сомасында тасымалдау құнын, 4 теңге шамасында мұнай базаларында сақтау шығындарын, сондай-ақ әрбір литріне 2 теңге көлеміндегі маржаны қосамыз. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін литріне 161 теңгелік құн қалыптасты, яғни бұл орташа баға.  Өңірлерге қарай айырмашылық 26-30 теңге аралығында», - деді Рүстем Қабжанов брифинг барысында.

Осы орайда ол отынның қымбаттауы зауыттарда процессинг мөлшерлемесінің артуы есебінен болғанын түсіндірді. Бұл тұрғыда жанармай өндіру бойынша зауыттардың шығындары жоғарылады. Мұнай өңдеу зауыттарындағы жаңғырту жұмыстарынан кейін, процессинг мөлшерлемесі 15 пайызға артты.

Сарапшының пайымынша, дизель отынының қымбаттауына енгізілген акциздер де ықпал етті.

«Бұл тұрғыда тоннасына 10 мың теңгеге тарта жоғарылады», - деп нақтылады Рүстем Қабжанов.

Айта кетейік, Астанада өткен брифинг барысында «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысты мәліметтермен бөлісті.

 

Соңғы жаңалықтар