«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Сарыарқадан» есесін қайтара алмады

None
None
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Жоғары хоккей лигасының кезекті матчы аясында Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында қарағандылық «Сарыарқаны» қабылдады.

Бұл ойында «Сарыарқаның» форварды Михаил Махо ерекше көзге түсті. Бірінші кезеңнің басында ол есеп ашып, екінші кезең аяқталғанша, хет-трик, яғни үш бірдей шайбаның авторы атанды. Сондай-ақ оның көмегімен Анатолий Васильев «Қазцинк-Торпедоның» қақпашысын тағы бір рет қапы қалдырды. Есеп - 0:4. Үшінші кезеңде алаң иелері есеп айырмасын тек екі шайбаға ғана қысқарата білді. Сөйтіп, биылғы чемпионат аясында «Сарыарқа» Өскемен қаласының хоккей клубын екінші рет жеңіп отыр. Бұған дейін Қарағандыда «Қазцинк-Торпедо» 6:0 есебімен ұтылған еді.

Бүгінде Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Сарыарқа» 4-ші орынға орналасса, «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы 8-ші орында келеді.

Соңғы жаңалықтар