+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазбек Әміржанов: Жаманқұлов маған ешқандай тапсырмалар берген жоқ

2017 жылғы 21 наурыз 10:47
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы №2 Медеу аудандық сотында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша сот отырысы әрі қарай жалғасуда. Бүгінгі отырыста «Феникс» фильмінің бұрынғы қоюшы-операторы Қазбек Әміржанов сот алдында жауап берді.

«Мен «Феникс» фильмінің сценарийін оқып шықтым. Маған өте ұнады. Бұл әлемдік деңгейдегі сценарий болатын. Бұл фильм менің қоюшы-оператор ретінде әлемдік деңгейге шығуыма зор мүмкіндік беретін еді. Ал қаржылық жағына келетін болсам, ол мен үшін ең төменгі айлық көрсеткіші болды»,-деді Қ.Әміржанов. Оның айтуынша, Жаманқұлов қоюшы-операторға ешқандай тапсырмалар бермеген.

«Қазақфильм» киностудиясымен арада авторлық құқық мәселесіне қатысты келісім-шарт жасастық. Бұл шартта мен өзімнің авторлық құқығымды «Қазақфильм» АҚ беретін болып, қол қойдым. Мен түсірілім жұмыстарына қатыстым және операторлар тобына басшылық жасадым. Біз жобаның сахна жұмыстарын түсірдік. Біз алдын ала дайындық барысында қажет деген кадрларды түсірдік. Дайындық шаралары Байқоңырда болды. Болжамды кезеңде 1-1.5 ай жұмыс істеп, 500-600 теңге жалақы алдым. «Қазақфильм» АҚ бөлек маған еш жерден ақша түскен жоқ. Қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем болды. Жобаны консервациялағаннан кейін, «Қазақфильм» АҚ арадағы келісім-шарт бұзылды»,-деді Қазбек Әміржанов соттағы сөзінде.

Айта кетелік, қазақстандық белгілі актер және продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың өткен жылдың 2-інші қарашасында ұсталғаны мәлім болды. Оған «Феникс» көркем фильмін түсіруге бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген айыптар тағылуда. Тергеу барысында анықталғандай, «Қазақфильм» АҚ аталған фильмнің алдын-ала және дайындық кезеңдеріндегі жұмыстарға «T.K. Turan Universal Business» ЖШС-іне 79 млн. теңге аударады. Сол қаражаттың 69 млн. теңгесін фильмнің бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов ұрлаған. Ұрланған ақша қосалқы мердігерлік ұйымдар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, Т. Жаманқұловқа берілген. Сонымен қатар, ақша жымқыруға «Қазақфильм» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Гауһар Ысқақова мен «Феникстің» атқарушы продюсері Наталья Юдинаның қатысы болғаны да дәлелденді. Олар қазір соттың санкциясымен қамауға алынды.

Айтарлығы, Т. Жаманқұлов өзінің қорғаушысының көзінше «Феникске» бөлінген бюджет қаражатын ұрлағанын мойындады. Өзінің жасаған қылмысына өкініп, келтірілген шығынды өтеуге міндеттеме алды. Ол қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражатты растап, оны өзінің жеке басының қажеттіліктеріне жұмсалғанын айтты. Сонымен бірге, ол өзіне қатысты бұлтартпау шарасын кепілге босатуға өзгертуге өтініш берді. Ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 65-інші бабына сәйкес, егер қылмыс жасаған адам дер кезінде өз кінәсін мойындаса, кепілге босатылады. Ағымдағы жылдың 3-інші қарашасында Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің жеке басының беделін, ұлғайған жасын ескере отырып, келтірілген шығынның белгілі бір бөлігін өтеді. Соның нәтижесінде бұлтартпау шарасы «кепілге» өзгерді. Ерікті түрде өкінуге байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату жөніндегі өтініш хат Т. Жаманқұлов, Н. Юдина және Г. Ысқақовалар келтірілген шығынды толық өтегенде ғана қаралады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT