+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Қазба байлық саудасынан түсетін қаражатты адами капиталды дамытуға бағыттау қажет - Мейрам Бегентаев

2020 жылғы 14 қазан 09:58
Бөлісіңіз:
Қазба байлық саудасынан түсетін қаражатты адами капиталды дамытуға бағыттау қажет - Мейрам Бегентаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғи қазба байлықтардың саудасынан түсетін қаражатты адами капиталды дамытуға бағыттағау керек. Мұндай пікірді С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, доцент Мейрам Бегентаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Біз бүгін болашақ даму негізін қалау үшін табиғи қазба байлықтардың саудасынан түскен кірістерді тиімді пайдалануымыз керек. Оның есебінен адами капиталды дамыту қажет. Бұл іске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ерекше көңіл бөлді.

Осыған байланысты жоғары білім беру орындарың қызметі бәсекеге қабілетті кадрлар даярлаудан бөлек, кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыруға бағытталады. Президент тапсырмасына сәйкес, «Кәсіпкерлік негіздері» пәні Мектептен - ЖОО-ға дейін білім берудің барлық деңгейінде оқытылуы керек. Мемлекет басшысының сөздері С. Торайғыров университетінің алға қойған даму стратегиясына қолдау және осы бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда қосымша жауапкершілік жүктейді», - деді Мейрам Бегентаев.

Ректор Жолдауда айтылған ел экономикасын шетелдік инвестициялар есебінен тұрақтандыру бастамасына қатысты пікір білдірді.

«Шетелдік инвестиция – экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бір жолы. Дегенмен, біз инвестиция экономикалық және қаржылық тәуелділікке апармас үшін сенімді серіктесті дұрыс таңдауымыз керек. Басқа жағынан қарасақ, пандемия ірі жұмыс берушілерге қатысты дамыған мемлекеттер коммерциялық кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік бюджеттен қаржыландырмау секілді бұрынғы міндеттемелерінен оңай бас тартуы мүмкін екенін көрсетті. Сондықтан серіктестерімізге қатысты иллюзияға бой алдырмай, тек өзімізге сенуіміз керек. Өзіміздің қабілет-қарымымызға қарай артықшылықтарымызды дамыту маңызды. Сонда еңбекті бөлудің халықаралық нарығынан барынша пайда көреміз», - деп пікір білдірді Мейрам Бегентаев.

Еске сала кетейік, коронавирус індетіне байланысты елімізде қойылған шектеу шаралары біртіндеп алынып, ел экономикасының барлық саласында өсім тіркеле бастады. Бұл туралы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары баяндалған Үкіметтің селекторлық отырысы барысында мәлім болды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT