«ҚазАзот» кәсіпорнында цех шатыры опырылып түсті

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда «ҚазАзот» кәсіпорнындағы күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехының шатыры ортасына опырылып құлады. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға 24 шілде күні сағат 05:20 шамасында болды. Ғимарат шатырының ішінара опырылуы қолайсыз метеожағдайлар салдарынан орын алған. Өйткені соңғы екі аптада өңірде аномальды температура болды. Сондай-ақ оқиға болған күні найзағай ойнап, нөсер жауын жауған еді.

Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға орнын «Жалын» Өрт сөндіруші» ЖШС-ның авариялық-құтқару қызметі тексерді. Аймақ қоршалды. Кәсіпорын қызметкерлері мен халықтың денсаулығына қауіп жоқ», - делінген ақпаратта.

Оқиға орын алған аймақ толықтай қоршалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.





Фото: www.lada.kz


Соңғы жаңалықтар