«ҚазАвтоЖолдың» тағы бір шенеунігіне қатысты іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-тың Қарағанды облыстық филиалы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қарағанды облыстық департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік мәліметінше, филиал директорына «Нұр-Сұлтан-Қарағанды-Балқаш-Алматы» автомобиль жолы мен «Анар-Осакаровка» жолы учаскесін қайда жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалмаса да атқарылған жұмыстар актісіне қол қою арқылы өкілеттігін асыра пайдалану айыбы тағылып отыр. Ол осы әрекеті арқылы мемлекетке 300 млн теңгеден астам шығын келтірген.

«Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді оның кінәлі екендігінің деңгейін анықтау арқылы сот шығарады», - делінген таратылған ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар