+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылғы 22 сәуір 18:56
Бөлісіңіз:
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Асқар Маратұлы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы сайланды Павлодар облысындағы Май ауданында әкім ауысты

А.Маратұлы 1976 жылы туған. Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «көліктегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, сондай-ақ Л. Гончаров атындағы Қазақ жол-көлік университетінде оқып, «автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы инженері» мамандығын алды.

Еңбек жолын 1998 жылы бастады.

1998-2002 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде түрлі қызметтер атқарды. «Қазавтожол» РМК-ның Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстық филиалдарында жұмыс істеді.

2007-2012 жылдары – Астана қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде сарапшы, Жамбыл облыстық Қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары.

2012-2015 жылдары – Ақмола облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2015-2017 жылдары – Зеренді ауданының әкімі.

2017-2019 жылдары – Ақмола облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2019 жылдың 3 сәуірінен бері Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT