«Қазавтожол» терминалында жаяу адамды көлік қағып, мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Нұр Сұлтан-Щучинск тасжолының бойындағы «Қазавтожол» АҚ терминалында ер адамды көлік қағып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне «Қазавтожол» АҚ терминалында жаяу ер адамды көлік қағып кетіп, оның көз жұмғандығы туралы телефон арқылы ақпарат түсті. Көлік апатынан көз жұмған адамның Көкшетау қаласының 1966 жылы туған тұрғыны екені анықталды», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

«Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3 бөлігі бойынша (көлiк құралдарын басқарушы, тұлғаның жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізулде. Өзге ақпараттар тергеу мүддессі үшін жарияланбайды», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар