«ҚазАвтоЖол» өкілдері ақылы жолға 15 мың теңге төлеген жүргізушіге жауап берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Алматы-Жаркент» ақылы жолымен ары-бері жүріп өту 15 мың теңге. Жүк көлігінің жүргізушілері әлеуметтік желіге осындай видео жүктеді. Оған «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаркентке барып қайту 15 мың теңге. Ертең жаяу жүреміз. Жүк көлігімен ары 300 бері 300 шақырым жүру үшін 15 мың теңге төлеу керек. Енді не істемек керек?» – деді жүк көлігінің жүргізушісі. Желі қолданушылар бұл видеохабарламаның астына түрлі наразы пікір жазған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметінде бұл жағдай 3 шілдеде тіркелгенін растады.

«Жүргізуші Алматы-Қорғас ақылы жолына Байсерке маңынан 300 теңге төлеп кірген. 4 шілде күні жүк көлігі Алматыдан Жаркентке дейін жүріп өткен. Бір бағыттағы сомасы 7 350 теңге. 5 шілдеде Жаркенттен Алматы қаласына келген. Сомасы – 7 350 теңге. 15 тоннадан артық жүк артатын көлікке барлығы 15 мың теңге шыққан», деп ведомство өкілдері жауап берді.


Соңғы жаңалықтар