«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» біріккеннен кейін қанша қызметкер қысқарады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» компанияларын біріктіру осы жылдың қараша айының соңына қарай аяқталады.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» басқармасы төрағасының орынбасары Серік Айдос елордада өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Процесс басталып кетті. Бұл процедура біршама уақытты алады. Қараша айының соңына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз», - деді Серік Айдос БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол екі ұлттық компания біріккеннен кейін қанша қызметкер қысқаратындығына да тоқталды.

«Әзірше шамамен 10 пайызын қысқартамыз. Бұл 30-ға жуық адамды құрайды. Ұлттық компания мәртебесі сақталатын болады», - деді ол.

Шілде айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырған еді.



Соңғы жаңалықтар