USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Ақмола облысы аумағында шұғыл қонды

2021 жылғы 26 қараша 16:00
Бөлісіңіз:
«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Ақмола облысы аумағында шұғыл қонды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ақмола облысы аумағында шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында 17,5 мың студент бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білім алуда Бес ақмолалық спортшы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қатысады Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне оқ атқан

Ведомствоның мәліметінше, тікұшақ жедел шақыру бойынша Нұр-Сұлтаннан шығып, Екібастұз қаласына бара жатқан.

«2021 жылғы 26 қарашада ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінімі бойынша «Нұр-Сұлтан – Екібастұз» бағытында шыққан. Алайда, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өрнек елді мекенінің аумағында мәжбүрлі түрде қонды (Нұр-Сұлтан қаласынан шамамен 100 км). Бортта 5 адамнан тұратын экипаж, 2 дәрігер болды. Мәжбүрлі қонудың алдын ала себебі - оң қозғалтқыштың тербелісі. Тікұшақ аман-есен қонды, зардап шеккендер жоқ. Экипаж мен дәрігерлер резервтік әуе кемесімен шығарылды. Ми-8АМТ тікұшағы кепілдікте тұр, өндіруші зауытпен бірлесіп әуе кемесінің инспекциясы орындалатын болады», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, бұл туралы бүгін сағат 12:40-та Ақмола облысы ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасына хабар түскен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT