+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Қазәуеқұтқару» ісі: 28 ұшқыш мемлекеттен төленген жалақыны қайтарды

2017 жылғы 20 қараша 14:36
Бөлісіңіз:
«Қазәуеқұтқару» ісі: 28 ұшқыш мемлекеттен төленген жалақыны қайтарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазәуеқұтқару» ісі бойынша сот жалғасып жатыр. Сотта қағаз жүзінде ғана жұмыс жасап жалақы алып отырған «Қазәуеорманкүзеті» РМКК 28 ұшқышынан жауап алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айыптау актісіне сәйкес, «Қазәуеорманкүзеті» бас директоры Төлеуғазы Сексенбаевтың бастамасымен 2016 жылдың мамырынан маусымына дейін «Қазәуеорманкүзеті» РМКК 28 ұшқыш-бақылаушысы «Қазәуеқұтқару» РМКК формалды түрде жұмысқа қабылданған.

«Төлеуғазы Сексенбаев екеуара келісімшартты бұзамын деп қорқыта отырып «Қазәуеқұтқару» басшысы Мәлік Досымбековке 28 бақылаушы ұшқышты жарты ставкамен 140 000 теңге жалақыға қабылдау керектігін айтқан. Негізі ұшқыштар «Қазәуеорманкүзеті» РМКК толық жұмыс жасап, екіншісіне түк қатысы болмаған. Досымбеков бұл ұшқыштар жұмыс істемейтінін біле отырып, келісім берген», - деді мемлекеттік айыптаушы.

Сот отырысына қатысқан куәгерлер - 28 ұшқыш жалақыларының жартысын «Қазәуеорманкүзеті» ұйымынан, жартысын «Қазәуеқұтқару» мекемесінен алып отырғанын айтты.

«Қазәуеқұтқару» мекемесіне ауыстыру туралы жеке келісімшарттарға қол қойдық. Екі кәсіпорыннан жалақы алып отырдық. Бірақ «Қазәуеорманкүзетінде» 8 сағат толық жұмыс жасадық. Өрт болғанда одан да көп жұмыс жасалды. Тергеу басталған кезде «Қазәуеқұтқару» жалақысын заңсыз алып отырғанымызды білдік. 2 айда алған жалақымызды қайтардық», - деді ұшқыш бақылаушы Жанат Мамбаев.

2016 жылдың мамырынан маусымына дейін «Қазәуеорманқұтқару» РМКК 28 бақылаушы ұшқышына 7,8 млн теңге көлемінде жалақы түскен. Одан ары да 11,7 млн теңге түсу керек болатын. Бірақ, «Қазәуеқұтқару» директоры Мәлік Досымбеков пен Төлеуғазы Сексенбаев ұсталған соң тоқтатылды.

Айта кету керек, Сексенбаев пен Досымбеков құны 12 млн доллар болатын «МИ-171Е» тікұшағын сатып алу туралы келісімге қол қою үшін шетелдік компания өкілінен 50 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған соң ұсталған болатын. Ұлттық бюро өкілдерінің хабарлауынша, жалпы келісілген пара көлемі 100 АҚШ доллары болған.

Одан бөлек айыптау актісінде Төлеуғазы Сексенбаевтың тікұшақтарды жеке мақсатына пайдаланып, айналасындағыларды тегін тасымалдағаны атап өтілді.

«Ол мемлекеттік тікұшақтарды жеке мақсатта пайдаланып, курортқа барып демалған. «Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Рахман қайнары бақылануы тиіс жоспардағы орындар қатарында болмаған. Сексенбаев пен оның айналасындағылар ол жерге демалуға барған», - деген болатын прокурор.

Осылайша ҚР АШМ «Қазәуеорманқұтқару» РМКК директоры Төлеуғазы Сексенбаев ҚР ҚК сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін жымқыру, қызметтік уәкілеттілігін асыра пайдалануға көмектесу, өзгенің мүлкін жымқыруға итермелеу, қызметтік уәкілеттігін асыра пайдалану, пара алу баптары бойынша айыпталды.

Ал ҚР ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» АҚ директоры Мәлік Досымбековке ҚР ҚК-нің сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін жымқыру, қызметтік уәкілеттілігін асыра пайдалануға көмектесу, өзгенің мүлкін жымқыруға итермелеу, қылмыстық топ мақсатында қызметтік уәкілеттігін асыра пайдалану, пара алу баптары бойынша айып тағылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT